Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі Монғолиядан табылды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Уильям Линдси жетекшілігіндегі Британ археологтары сенсациялық жаңалық ашты, деп хабарлайды Лента.ру.

Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі Монғолиядан табылды

Олар Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігін Монғолия жерінен тапқан. Құрылыс қалдығының ұзындығы шамамен 100 шақырым, кейбір жерлеріндегі биіктігі 2,5 метр болады. Ол Монғолияның оңтүстігіндегі Гоби шөлінен табылған. Ғалымдар бұл қамалдың қытайлық алып құрылыстың бір бөлігі екеніне еш күмәнданбайды.

Қабырға балшықтан, бұталардан және жанартау тастарынан қаланған. Салынған уақыты шамамен біздің заманымызға дейінгі 1160 пен  1040 жылдар аралығы.

2007 жылы Линдси бастаған топ Қытай мен Монғолияның шекарасынан Хан әулеті билік жүргізген кездегі қорғанның бөлігін тапқан болатын. Содан бері археологтар қорғанның қалған бөлігін үздіксіз іздеп, ақыры оны Монғолия жерінен тауып отыр.

Ұлы Қытай қорғаны - архитектураның ең алып үлгілерінің бірі. Ол солтүстік Қытайды жайпай өтіп, барлық салаларының ұзындығын қосқанда 8851,8 шақырымға созылып жатыр. Бұл тарихи жәдігер ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы тізіміне енгізілген. Тарихтан белгілісі, қытайлар оны ұлы Ғұн тайпасынан қорғану үшін салған.