Ұлы Қытай қорғанының бұрын белгісіз болып келген бөлігі табылды

Қорғанды зерттеудегі еңбектері үшін 2006 жылы Британ Империясы орденімен марапатталған жиһангездің айтуынша, ол ХІІ ғасырдағы атластың көшірмесін көргеннен кейін өткен күзде Гоби шөліне экспедицияға жиналған. Онда моңғол қолбасшысы Шыңғысхан жорықтары белгіленген және Қорғанның осы бөлігі анық көрінеді. «Күрделі жорыққа осы атлас көшірмесі себеп болды», деді саяхатшы. Ежелгі құрылыстың болғанын моңғолдық зерттеушілердің бірі қуаттады.
Линдсей оның тапқан Қорған бөлігі Хань әулеті билеп тұрған кезде біздің жыл санауымызға дейінгі 120-жылдың шамасында салынған, одан кейінгі ғасырларда қалпына келтіріліп, қайта жаңғыртылып отырған, деп санайды.
Бұл сенсациялық ашылымның мәліметтері танымал "Нэшнл джеогрэфик" журналының таяу арадағы басылымында жарияланбақ.
.