Ұлы мейрам Рождество мерекесі қуаныш көзіне айналып, әрбір отбасыға бейбітшілік пен ізгілік әкелсін! - митрополит Александр
АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округтің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр ел халқын Рождество мерекесімен құттықтады.
«Құрметті буырлар, қазақстандық тұрғындар, Сіздерді Рождество мерекесімен құттықтаймын.
Құдай бізбен бірге! Христиандар шіркеуі көп жылдардан бері осы сеніммен өмір сүріп келеді.
2010 жыл қазақстандықтар үшін атаулы оқиғамен аяқталды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Мәскеу және Бүкіл рустің Әулие Патриархы Кирилл Астана мен Алматыға сапар жасады», - делінген құттықтау мазмұнында.
«Қазақстанның барлық халқын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», - делінген құттықтауының соңында.