Ұлы Ніл өзені ХҒС бортынан суретке түсірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - НАСА сайты Халықаралық Ғарыш Стансасының бортынан атақты Ніл өзенінің түнгі көрінісі түсірілген фотосуретті жариялады.

Ұлы Ніл өзені ХҒС бортынан суретке түсірілді

Фотосуреттің авторы - өзенді 22 қыркүйек түнінде түсірген астронавт Скотт Келли.

Ніл - Африкада орналасқан әлемдегі ең ұзын өзен. «Ніл» сөзі гректің «Нейлос» сөзінен шыққан. Дария Шығыс Африка қыратынан бастау алып, Жерорта теңізіне құяды, деп жазады РИА Новости.