Ұлы оқиғаларға арналған мерекелер біздің өмірімізде көп емес - «Қайрат» футбол клубы Бақылаушылар кеңесінің төрағасы

«Қайрат» футбол клубының Бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Жеңіс күніне орай барлық жанкүйерлерге жолдаған өз құттықтауында осылай дейді.
«1941 - 1945 жылдар көп елдердің тарихында тайға таңба басқандай із қалдырды. Ата-бабаларымыздың ерлік істері біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады. Шайқаста өз өмірін қиған, жеңіспен елге оралып, соғыстан кейінгі жылдары мемлекетіміздің экономикалық және әскери күш-қуатын арттырған отандастарымызға бас иіп, қадір-құрмет білдіреміз», деген бұл хат клубтың интернеттегі сайтында да жарияланып отыр. Онда Қ.Боранбав: «Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сіздер Отанымызды қорғай отырып, өз елімізде өніп-өсіп, өнеге алу құқығын сыйладыңыздар. Тыл ардагерлері мен еңбекшілері, сіздердің өшпестей батылдықтарыңызға мың да бір рет тағзым етеміз. Отанымыздың бостандығы жолында қаза болғандар мәңгілік есте қалады» - деп жазылған.