Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өздері шайқасқан аймақтарға барып қатуы үшін 383 миллион теңге бөлінеді - Г.Әбдіхалықова
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Президент Жолдауында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты еліміздің алдына бірқатар шараларды жүзеге асыруды міндеттіп отыр.
Осыған байланысты елдегі әрбір соғыс ардагеріне 65 мың теңгеден республикалық бюджеттен қаржы бөлінетінін болады. Сондай-ақ соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер мен ардагерлерге, соғыста қайтыс болғандардың жесірлеріне, тыл еңбеккерлернеі материалдық көмек көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, Жеңістің 65 жылдығына байланысты ардагерлердің Ресей, Украина, Беларус сияқты өздері майданда болған жерлерге барып қайтуы, немесе ел аумағындағы жерлерге барып қайтуы үшін 383 миллион теңге бөлінгелі отыр. «Сонымен қатар, Жолдау бойынша бюджеттік мекемелердің айлық табыстары сәуір айының 1-інен бастап тағы 25 пайызға артады» деді министр.