Ұлы Отан соғысы кезінен қалған снаряд табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Приморск өлкесінде жоспарлы тексеру барысында "ФПБ+" ЖАҚ мамандары жарылу қаупі бар 152-миллиметрлік артиллериялық снаряд тауып, қауіпсіз жерге шығарды.
Оқ Ұлы Отан соғысы кезінен қалған.
Жергілікті ТЖМ басқармасының мәлім етуінше, оқиға 2 шілде күні орын алған.
"Ресей ТЖМ Калининград облысы бойынша құрылымдары дер кезінде әрекет етті. Құтқарушылардың көмегіне жүгіну қажет болмады ", - делінген аталмыш ведомствоның хабарламасында.