Ұлы Отан соғысына Алматыдан 76 600 адам қатысып, оның 44 мыңы үйлеріне жеңімпаз болып оралды

ЛМАТЫ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда қазір Ұлы Отан соғысына қатысқан 2 260 соғыс ардагері мен 12 488 тыл еңбеккері бар.
None
None

Бұл жайлы бүгін 28 панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматылықтармен қала қонақтарыбүгінЖеңіс мерекесін ел намысы үшін ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етуден бастады. Одан кейін мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, әскери асханадан дәм татылды. Жеңістің 65 жылдығына арналған мерекелік концерт қойылып, майдан әндері шырқалды.

"1941-45 жылдары Қазақстан тұрғындарының төрттен бірі соғысқа аттанды. Алайда 1 миллион 366 мың адамның 602 мыңы одан оралған жоқ. Мәселен, біздің қаладан майданға аттанған 76 600 алматылықтың 44 мыңы ғана өз үйлеріне жеңімпаз боп оралды", дейді қала әкімі Ахметжан Есімов. Оның айтуынша, Бұл жеңістің тарихи маңызын бағалап, қадір-қасиетін дәріптеп, халқымыздың өшпес ерлігіне құрмет көрсету біздің нағыз азаматтық парзымыз. Бұл бүгінгі тәуелсіз елдің жас ұландарына аманат ететін игілікті дәстүр болуы тиіс. Сондықтан да соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісін ұлықтауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен, кешке "Көк төбе" телемұнарасында", "Сайран" көлінде және 2011 жылғы қысқы Азия ойындары кезінде тұғырдан секірушілер өнер көрсететін спорттық нысанда мерекелік отшашулар шашылады. Ал Республика сарайында өнер жұлдыздарының қатысуымен думанды концерт қойылады.

Соңғы жаңалықтар