Ұлы Отан соғысында «Марс» құпия операциясына қатысушы қазақстандықтарға ескерткіш орнатылса игі - Р. Халмұрадов

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ұлы Отан соғысында «Марс» құпия операциясына қатысушы қазақстандықтарға ескерткіш орнатылса игі.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына жолданған сауалында депутат Розақұл Халмұрадов осылай мәлім етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандықтардан құрылған 100-ші, 101-ші жеке атқыштар бригадасы 1942 жылы кеңес әскерінің «Марс» кодымен аталатын құпия операциясына қатысқан. Өкінішке қарай, бұл құпия операция сәтсіз аяқталып, бұған қатысқан жауынгерлердің 75 пайызы қаза болғаны белгілі. Бұлардың ішінде 2 мыңға тарта қазақстандық жауынгерлер де болды», деді депутат.

Оның айтуынша, 2005 жылға дейін бұл операция құпия болып келсе, сол жылы ресейліктердің ҰОС-на қатысты іздестіру шараларының нәтижесінде, операция туралы біраз шындықтар ашылған. Ал аталған іздестіру жұмыстарына Жамбыл облысындағы «Темірқазық» атты жастар  қозғалысы да атсалысыпты.

«Бұндай іздеу жұмыстары жалғасын табуы керек. Сонымен бірге, «Марс» жасырын операциясына қатысушы қазақстандықтарды мәңгі есте сақтау мақсатында арнайы ескерткіш ашылса игі. Бұған Үкіметтен қаржы бөлсе екен», деді Р. Халмұрадов.

Соңғы жаңалықтар