Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың тарихи 65 сәті: Жетісу өлкесінің батыры Иван Косенков

>Бүгін осы айдар аясында біз Кеңес Одағының Батыры, Алматы облысы Қаратал ауданының тұрғыны Иван Васильевич Косенковтың естеліктерін жариялаймыз.
None
None

Алматы облысынан шыққан 53 Кеңес Одағының Батырынан тек Иван Васильевич Косенков қана аман-есен жүр.

Неміс-фашист басқыншыларды жеңген Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы қарсаңына орай біз Алтын Жұлдыз, 1-2-ші дәрежелі Отан соғысы және Кеңес Одағының маршалы Жуков атындағы ордендердің иегері, Қаратал ауданының құрметі азаматы, соғыс және еңбек ардагері И.Косенковтың үйінде қонақта болдық.

Осы уақытқа дейін жеке үйді тұрып жатқан ардагер таяуда Үштөбе қаласының орталығынан 3 бөлмелі жайлы пәтер алды. Алдыңғы жылы аудан әкімі жайлы пәтер ұсынғанда батыр көпбалалы ананың пайдасы үшін бас тартқан болатын. Өткен жылы Иван Васильевич жұбайы Антонина Васиьевнаны жер қойнына беріп, ұлынан айрылды. Сондықтан Ардагерлер кеңесі батырдың жайлы пәтерге көшуін қолай көрген.

«Өткен жылы менде баспана жағдайын жақсартуға ешқандай қажеттілік болған жоқ. Сонымен қатар маған қарағанда пәтерге мұқтаж адамдар болды. Жеке үйде әйелім екеуіміз тұрдық. Қазір ол кісі дүниеден озып, маған жалғыз тұру қиын. Жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін ақпан айында табыс етті. Мені баспаналы болуыммен құтықтауға облыс әкімі Серік Үмбетов Үштөбе қаласына арнайы келді. Кездесу жаймашуақ әрі әсерлі өтті. Біздер денсаулық, ҚР Президенті, саясат, жастар жайында кеңінен әңгімелестік», дейді майдангер.

- Сіз өзіңізді ең жоғары наградаға, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынуға түрткі болған сол бір ерлігіңіз турасында еске түсірдіңіз бе? - деп сұрадық біз одан.

- Бұл украин жерінде, Днепр өзеніндегі ұрыстардың бірінде болды. Мен 333-ші атқыштар дивизиясы 1118-ші атқыштар полкінің құрамында Мәскеуден Болгарияға дейін соғыс жолынан өттім. Әсіресе Днепрдегі ұрыстар, бізді ұрыс бекінісіне түсіріп және зеңбіректе менімен волгалық Михаил Голяков қана қалған сәт ерекше есте қалды. Біз алты күн, алтын түн бойы жаумен кескілескен шайқас жүргіздік. Бұл не өмір, не өлім айқасы болатын. Біз жаудың 3 танкісін, снаряд тиелген машинасын және бронетранспортерін жарып жібердік, деп еске түсіреді майдангер.

1943 жылы қазанның 13-інде Запорожье қаласы маңындағы 9-шы елді мекенге барлаушылар ротасы мен оған тиесі зеңбірек алғашқы болып енді. Ержүрек әрі батыл екі жауынгер күні-түні жауға қарсы үздіксіз оқ жаудырды. Келесі күні таңертең Запорожье жаудан азат етілді. Осы ұрыстар барысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Иван Косенков екінші дәрежелі Отан соғысы оденімен, ал оның досы Қызыл Жұлдызбен марапатталды. 1944 жылдың наурызында екі дос армия штабына шақырылып, онда оларға ақпанның 22-індегі Жоғарғы Кеңес Төралқасының Иван Васильевич Косенков пен Михаил Николаевич Голяковке Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлығының көшірмесін табыс етті.

Ұлы Отан соғысының майдангері Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы Қазақстан халқына Жолдауын зор ризашылықпен қабылдады. Олар ел Президентінің Жолдауын тыңдау және негізгі тезисін талқылау үшін Ардагерлер кеңесінде жиналды.

Майдангерлерді әсіресе, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сонымен қатар оған теңестірілген тұлғаларына Жеңіс күні мерекесіне орай 65 мың теңге көлемінде біржолғы көмек берілетіндігі қуантты. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері, соғыс барысында қаза тапқандардың ата-аналары немес зайыбы да материалдық көмектен тыс қалмайды. Бұлардан бөлек Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге жеңілдікпен жолақысын төлеу үшін қаржы бөлу қарастырылған.

- Біздің республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген тапсырмаларды алға қойып отыр және бұл тапсырмалар қазақстандықтар үшін орындалады. Әсіресе ҚР Президентінің өз сөзінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін атап өтіп, бізге зор құрмет көрсетуі қуантады», дейді майдангер.

Соғыстан кейін Иван Васильевич бейбіт іспен шұғылданып, темір жол бойында ағаш отырғызумен айналысты. Еңбегі ескерусіз қалмаған ол «Құрметті теміржолшы» атағын алды. Өмірінің бүкіл болмысымен өзінің ең жоғарғы Батыр атағын дәлелдеді. Сонымен қатар ол бейбіт күндері РФ Президентінің шешімімен Ресейдің тағы бір жоғары наградасы - маршал Жуков орденін алды.

Бүгінгі таңда Алматы облысында 782 Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұрады, олардың 418-і мүгедек.

Соңғы жаңалықтар