Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
; АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесі аясында «Жасымас жігермен, қайтпас қайсармен жеткен Ұлы Жеңіс» атты салтанатты-мәдени шара өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара «Этнос-Форум» қоғамдық қоры, Республикалық Әзірбайжан мәдени орталығы, ҚР Мәдениет министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырлған.
«Ұлы Отан соғысы майданында миллиондаған қаһармандарымыз қаза тапты. Біз адамзат баласын фашистік езгіден қорғап қалған ерліктері үшін ардагерлерімізге мың да бір алғысымызды білдіреміз», дейді шараны ұйымдастырушылар.
Шара барысында ҰОС-ның ардагерлеріне арналып концерттік бағдарламалар көрсетіліп, мерекелік дастархан жайылды. Сондай-ақ ардагерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.