ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Әбу Досмұхамбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды.
None
None

Әбу Досмұхамбетов 1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Үшкөл ауылында дүние есігін ашып, 1943 жылы қазанның 5-і күні Украина, Киев облысы, Чернобыль қаласында қаза тапқан. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, атқыштар ротасының командирі.

Қазақстанда 7 сыныпты бітірген соң Қорған облысы, Петухов ауданы, Чебачье селосында тұрған. «Жаңа жол» мал фермасының меңгерушісі болды.

1939 жылдың қыркүйегінде Кеңес әскері қатарына шақырылған. Ондағы полк мектебін үздік бітіріп, лейтенант атағын алады. Досмұхамбетов Киев қаласынан (Украина) солтүстікке қарай Днепр өзенінен өту кезінде айрықша көзге түсті. 1943 жылғы қыркүйек айының соңында 8-атқыштар дивизиясының 1-атқыштар ротасы Припять сағасынан солтүстікке қарай Днепрге жеткен. Ротасымен шабуылға шығып, жауды кері шегінуге мәжбүр етті.

Жаумен жан алысып, жан беріскен соғыс майданында 5 қазан күні ерлікпен қаза тапты. Көрсеткен батылдығы үшін Досмұхамбетовке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (16.10.1943).

Чернобыль қаласының саябағында батырдың құрметіне бюст орнатылған.

Соңғы жаңалықтар