ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Болтаев Георгий

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды. Есімі тарихта мәңгі қалатын қаһармандарымыздың бірі - Болтаев Георгий.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Болтаев Георгий

1914 жылы туған.

1942 жылы Семей қаласының әскери ко­миссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған.

Майдан шебінде 1944 жылдан бастап

болған 172-гвардиялық атқыштар полкі автоматшылар ротасының командирі, гвардия капитаны Г. Бол­таев Одер өзенінің сол жағалауындағы жау қорғанысын бұзып өту және Зелов қаласын (Гер­мания) алу кезінде ерекше көзге түсті.

Ленин, Александр Невский, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен аға сержант Г. Болтаев Кеңес Одағының Батыры атанды.

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды
Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды