ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Бурнашев Александр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды. Есімі тарихта мәңгі қалатын қаһармандарымыздың бірі - Бурнашев Александр.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ:  Бурнашев Александр

1914 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге кел­ген.

Майдан шебінде 1942 жылдың 9 маусымынан бастап бол­ды.

129-Орел атқыштар дивизиясы 457-

полкі құрамында Батыс, Брянск және 2-Бе­лорус майдандарында зеңбірекшілер командирі ретінде соғысқан.

Березина өзенінде болған шайқастарда аға сержант А. Бурнашев өзін ержүрек те батыл жа­уынгер ретінде көрсете білді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 25 қыркүйектегі Жарлығымен А. Бурна­шевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әскер қатарынан босағаннан кейін Зырян қаласына оралды.

Зырян қаласы көшелерінің біріне батыр есімі берілген.

4 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Ұқсас жаңалықтар

4 мамырда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды