ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Иван Панфилов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеңес Одағының Батыры, әскери қайраткер, Иван Васильевич Панфилов 1893 жылы Ресейдің Саратов облысындағы Петровск қаласында дүниеге келген.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Иван  Панфилов

И.В. Панфилов бірінші дүниежүзілік соғысқа, 1918 - 20 жылы Азамат соғысына қатысып, 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды. 1923 Киевтегі жоғары әскери мектепті бітірді, батальон, полк басқарды.1937 жылы Орта Азия әскери округы штабының бөлім бастығы,1938 жылы Қырғыз КСР-інің әскери комиссары болды.1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-атқыштар дивизиясын жасақтап, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсетті. Мәскеуді қорғаған жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылардың ерлік даңқы шықты. Панфиловшы батырлар тобының ерлігі Кеңес әскері жауынгерлерінің жаппай ерлік көрсетуінің үлгісі болды. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1941 19 қарашада жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. 1942 жылы 12 сәуірде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. Панфилов Мәскеудегі Новодевичье зиратына жерленген.

Алматы облысында аудан Панфиловтың есімімен аталады. Алматыда оның атында бір көше, 28-гвардияшы-панфиловшылар атындағы парк бар, онда батыр-генералға ескерткіш орнатылған.

Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды
Ұқсас жаңалықтар

Bloomberg: Трамптың мәлімдемесінен кейін Ормуз бұғазындағы қозғалыс тоқтап қалды