ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Камоликов Дмитрий
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды. Есімі тарихта мәңгі қалатын қаһармандарымыздың бірі - Камоликов Дмитрий.
1923 жылы бұрынғы Семей облысы Бородулиха ауданының Богословка ауылында дүниеге келген.
Соғыста 1942 жылдың наурыз айынан бастап болған.
Батыс және 2-Украин майдандарының құрамында ұрыстарға қатысты. Соғыса жүріп Украина, Молдавия, Румыния, Венгрия жерлерін азат етуге қатысты.
Жауынгер Д. Камоликов 1944 жылғы 5 қарашаға қараған түні алғашқылардың бірі болып Тисаселлш елді мекенінің (Венгрия) тұсында Тисса өзенінен өтті.
Ленин орденімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Д. Камоликовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әскер қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанға оралды.