ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Қарсыбай Сыпатаев

Қарсыбай Сыпатаев 1918 жылы сәуірдің 15-інде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көктөбе ауылында өмірге келіп, 1942 жылы қарашаның 26-ы күні Ресейге қарасты Қалмақ Республикасы, Сарпинск ауданы, Шарнут кентінде ерлікпен қаза тапты. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, миномет нысанашысы, қазақ.
Кеңес әскері қатарына 1942 жылы алынып, Оңтүстік майдан 4-атты әскер корпусы 61-атты әскер дивизиясы 13-і жеке атты артиллерия дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград шайқасында Сыпатаев асқан ерлік пен батырлық көрсетті. «Красный герой» ұжымшарының маңында болған ұрыста жаудың бір взводқа жуық жаяу әскерін жойып жіберді.
Шарнумовский елді мекені түбінде Сыпатаевтың миномет расчеті 36 танкімен айкасқа түсті. Техника жағынан басым жау қорғаныс шебін бұзуға ұмтылды. Шайқас барысында қасындағы миномет расчеттері істен шығып, Сыпатаев қолында қалған жалғыз минасымен танкінің астына құлады. Сыпатаевқа жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.4.1943).
Туған ауылы мен Шымкенттегі №7 орта мектепке Сыпатаев есімі беріліп, ескерткіш қойылған. Ленин орденімен марапатталған.
Дереккөз: Википедия