ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Қойгелді Аухадиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысында ержүрек пен батырлықтың үлгісін көрсеткен қазақстандықтарндың бірі - гвардия кіші сержанты, танкіге қарсы қолданылатын артиллерия бөлімшесінің командирі Қойгелді Аухадиев.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ:  Қойгелді Аухадиев

Ол 1907 жылы Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы Өрнек ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін "Талапкер"ә ауыл шаруашылығы артелінің төрағасы болған. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың мамырында шақырылып, сол жылдың маусымынан Ұлы Отан соғысына Орталық майданның 60-армиясына қарасты 6-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында қатысты. 1943 жылдың күзінде 10-гвардиялық полктің командирі полқаласы Удылин Днепрдің арғы жағалауына барлаушылар тобын жіберді. Днепрден Нижные Жары деревнясы маңында (Беларусь, Гомель облысы Брагин ауданы) өткен Аухадиевтің шағын тобы өздері басып алған плацдармды берік қорғады әрі негізгі күштің кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Батыл да ержүрек Аухадиев арғы жағалауға бірінші болып өтіп, кейінгі шағын топқа жол ашып берді. 24 әскер мен офицерді, бір станокты пулеметті жойған әрі жаумен жалғыз алысқан батыр 1943 жылы 29 қыркүйекте ерлікпен қаза тапты.

Артынан шағын топ жаудың 3 танкісін, оқ-дәрі тиелген 3 авто-көлігін, өздігінен жүретін артиллериялың 2 «Фердинанд» қондырғысын, 5 станокты пулеметін жойды. Днепрден өткенде көрсеткен қаһармандық ерлігі үшін Аухадиевке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (16.10.1943). А. Украинаның Киев облысы Иванков ауданы Парышев селосындағы (қазір Чернобыль қасіретіне байланысты тыйым салынған аймақта қалған) бауырластар зиратында жерленген. Көкпекті ауылындағы көшеге,Теректі ауылындағы мектепке есімі берілген.