ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Молдағалиев Жанғазы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚазАқпарат ХАА сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материалдар жариялайды. Сондай батырлардың бірі - Молдағалиев Жанғазы.

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Молдағалиев Жанғазы

Ол 1917 жылы бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Бестамақ ауылында дүниеге келген.

Майданда ол 1941 жылдан бастап бол­ды.

120-гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі, лейтенант Ж. Молдағалиев 1943 жылдың қазан айында Днепропетровск қаласының тұсында алғашқылардың қатарында Днепрден өтті. Оң жағаға жетсімен жауынгерлерді шабуылға көтеріп, дұшпанды қорғаныс шебінен қуып шықты. Сөйтіп плацдармды алуды қамтамасыз етті.

1943 жылғы қарашадағы ұрыста өз денесімен жау дзотын жауып, қаза тапты.

Ленин және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 19 наурыздағы Жарлығымен Ж. Молдағалиевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Батырдың елінде ескерткіш орнатылған. Есімі Семейдегі көшеге және ол жерленген Елизаровка кентіндегі мектепке берілген.