ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ: Жаппасбай Нұрсейітов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеңес Одағының Батыры, жауынгер Жаппасбай Нұрсейітов 1923 жылы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Киев, Харьков қалаларын, Румынияны, Венгрияны жаудан азат етуге қатысты. 1944 жылы 10 қаңтарда оған майдандағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы жерлестері ақша жинап, оның атындағы сүңгуір кеме жасатады. Қазір бұл кеменің қалдықтары Ресейдің Мурманск қаласындағы Солтүстік флоттың әскери-теңіз музейінде сақтаулы. Соғыстан кейін Өзбекстан да, Тәжікстанда әртүрлі қызметтер атқарып, еңбек демалысына шығады.
1995 жылы 28 сәуірде « Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы беріледі. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. 1997 жылы дүниеден өтті.