Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тегін жүру құқығы беріледі

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат – Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты және Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру мақсатында «Қазақ темір жолы» ҰК» АҚ 2009 жылғы мамырдың 1-інен мамырдың 31-іне дейінгі аралықта ауданаралық және «Таlgo» испандық фирмасының пойызынан басқа,

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тегін жүру құқығы беріледі
облыстық және халықаралық (ТМД шегінде) қатынастардардағы пойыздардың барлық санаттарындағы купелерінде тегін барып-қайтуы құқығын ұсыну жөнінде акция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тегін жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеу жүру құжаттарында Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің нөмірі көрсетіліп жүргізіледі. Халықаралық қатынастар пойыздарына тегін жүру құжаттарын (билеттерді) барып-қайтуға бірден рәсімдеу қажет. Сервистік қызметтерге (төсек-орыннан басқасы) қосымшша төлемді жолаушылар өздері төлейді. Егер жолаушы қосымша ақы төлеуден бас тартатын болса, сервистік қызметке қосымша ақы төлеу талап етілмейтін басқа бағдар ұсынылады.