«Ұлы Отан соғысының ұлы шайқастары» кітабы жарық көрді

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұлы Отан соғысының ұлы шайқастары» атты авторлық еңбектің таныстырылымы болды,

«Ұлы Отан соғысының ұлы шайқастары» кітабы жарық көрді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітаптың рецензенті Ғаділбек Шалахметовтың айтуынша, бұл еңбекте алғаш рет Ұлы Отан соғысына қатысты екі жақтың да құжаттамалық деректері пайдалынылған. «Мәселен, «Барбаросса» жоспарына қатысты Кеңестер Одағының құжаттары ғана емес, сол кездегі фашистердің құпия деректері де бар. Сондай-ақ мұнда екі жақтың фото құжаттары көптеп жинақталған. Бір айта кетер жәйт, осы іспетті еңбекті жазу кезінде қазақ жауынгерлерінің ерлік істеріне баса назар аударған жөн», - дейді рецензент.

«Ұлы Отан соғысының ұлы шайқастары» кітабының авторлары - Мұхтар Назарбаев пен Валерий Следенко. Бүгін аталған еңбектің 6 данасы Еуразия ұлттық университетінің кітапханасына тапсырылды.