«Ұлы Шоқанның керуен жолымен» кітабы таныстырылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық музейінде И. Иманов пен О. Мазбаевтың «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» атты кітабының таныстырылымы өтті.

«Ұлы Шоқанның керуен жолымен» кітабы таныстырылды (ФОТО)

Бұл кітап қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына орайластырылып шығарылды. Экспедиция мүшелерінің жеке және тікелей саяхат барысында алған әсерлері негізінде жазылған еңбек көпшілік оқырманға арналып отыр.

Атап айтқанда, кітап Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамның 2014 жылғы 24 шілде мен 5 тамыз аралығында ҚХР және Қырғызстан аумағы арқылы өткен «Шоқан Уәлихановтың керуен жолымен» атты халықаралық экспедицияға арналған.

Аталған экспедиция соңғы сегіз жыл ішінде жүзеге асырылған «Шоқан жолдарымен» атты экспедициялар сериясының соңғы сапары болып саналады. Оған қатысушылар Шоқан Уәлиханов жүріп өткен жерлерге саяхат жасады.

Бүгінгі таныстырылымды ҚР Ұлттық музейі мен Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы ұйымдастырды.

2
3
4
5
6
7