ҰЛЫ ЖЕҢІС: 1944 жылы А. Сүлейменовті сол жақ кеуде қалтасындағы жарының хаты ажалдан аман алып қалған еді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы ауыр машина жасау зауытының шойын құю цехының бұрынғы бастығы, құрметті металлург Айтбай Сүлейменовтің тағдыры бір кітап, фильмге арқау боларлық.

ҰЛЫ ЖЕҢІС: 1944 жылы А. Сүлейменовті сол жақ кеуде қалтасындағы жарының хаты ажалдан аман алып қалған еді

Ол майданға 1942 жылы аттанды. 220-шы атқыштар дивизиясы 653-ші атқыштар полкінің танкіге қарсы артиллерия взводының командирі болған.

Қыста 1944 жылы Витебскіде айқас 12 сағатқа созылды. Ол үш рет жарақаттанды. Бір оқ жүрегінің дәл тұсынан өткен. Оны гимнастеркасының сол жақ кеуде қалтасындағы әйелінің хаты құтқарып қалды. «Жігітім, сені махаббат құтқарды. Енді жүз жасайсың», - деп айтқан хирургтің сөзін есіне алды ардагер. Оның айтуынша, бүгінде тек бір хат қана үйінде сақталған, қалғаны Санкт-Петербург, Минск, Киев мұражайларында сақталуда.

А. Сүлейменовке ота жасаған дәрігердің аузы дуалы болды. Қызыл жұлдыз орденімен, бірінші дәрежелі Отан соғысы, екі Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталған ардагер 1 мамырда 101-ге келді.

Әнде айтылғандай, «Өзім үшін де, сол жігіт үшін де өмір сүріп жүрмін», - деді Айтпай Әлбаевич.