16:56, 30 Сәуір 2010 | GMT +5
Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке - министр Ж.Түймебаев
/strong>Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат өміріндегі трагедиялық оқиға болды. Бұл жайында бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған ҚазҰУ-дегі мерекелік шара барысында айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұлы Отан соғысында негізгі ауыртпашылықты Кеңестер Одағының халқы мен жауынгерлері көтерді. Қазақстан халқы да майдандағы жеңіске өзінің қомақты үлесін қосты. Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің биік рухын, ерлігі мен батырлығын күллі әлемге танытқан соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Егер сіздердің сол сұрапыл соғыстағы жеңістеріңіз болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған Тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесі қарсаңында, сол Жеңісті жақындатқан барша ардагерлер алдында басымызды иіп, осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді», деді Ж. Түймебаев.