Ұлы Жеңіс күнінің мән-мағынасын жастарға барынша түсіндіріп отыру керек - ҰОС ардагері Мысалы Махамбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңіс күнінің мән-мағынасын жастарға барынша түсіндіріп отыру керек. Бүгін елордадағы «Отан қорғаушылар» монументі алаңында өткен мерекелік шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Мысалы Махамбетов осындай пікірін білдірді.

Ұлы Жеңіс күнінің мән-мағынасын жастарға барынша түсіндіріп отыру керек - ҰОС ардагері Мысалы Махамбетов

«Ұлы Жеңістің 69 жылдығы баршамызға құтты болсын! Осы мейрам жалғаса берсін, халқымыз бен Елбасымыз аман болсын! Зұлмат соғысты көрген біздің буын еліміздің көк аспанында әрқашан да бейбітшілік болуы үшін көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Ендігі болашақ ұрпақ еш уақытта бұндай соғысты көрмесін, жастарымыз алдағы уақытта да еліміздің мүддесі үшін қызмет етсін», - деді қарт майдангер.

Жамбыл облысы жерінен 1943 жылы соғысқа аттанған Мысалы атай Ленинград майданына қатысқан. Соғыс жылдарында талай қиындықтарды бастан кешірген ардагер барлаушы міндетін атқарды. Сонымен қатар ол сарбаздардың шабуылы алдында неміс фашистерінің миналарынан тазарту жұмыстарына ат салысқан.