Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған шараларды насихаттауға қатысатын журналистерді тіркеу басталды

АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандағы Ресей Елшілігі Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған Мәскеудегі шараларды насихаттауға қатысатын журналистерді тіркеу басталғанын жариялады.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған шараларды насихаттауға қатысатын журналистерді тіркеу басталды

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шетелдік тілшілердің аккредитация алуы үшін Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеудің ресми сайтындағы (www.may9.ru) анкетаны толтыру қажет. Онда ұйымдастырылатын шараларға қатысты және бұқаралық ақпарат құралдарының шаралардан хабар тарату кестесі тұрғысында толық ақпарат қамтылған»,-деді ол.

Тіркеуден өтуге өтінімдер наурыздың 31-і сағат 17.00-ге (Мәскеу уақыты бойынша) дейін қабылданбақ.