Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты ТМД халықтары мен әлемдік қоғамдастыққа үндеу жасалды

АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің мемлекет басшылары Жеңістің 65 жылдығына байланысты Достастық елдерінің халықтары мен әлемдік қоғамдыққа үндеу жасады. ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, назарларыңызға Үндеудің толық мәтінін ұсынады.
None
None

***

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің мемлекет басшыларының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Достастық елдерінің халықтары мен әлемдік қоғамдастыққа

ҮНДЕУІ

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықтары 2010 жылы мамырдың 9-ында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеді. Сонау бір зұлмат және қанды соғыста Кеңес Одағының көпұлтты халқы мен оның Қарулы күштері бостандықтарын және өз Отанының тәуелсіздігін қорғап қалды, әлемнің көптеген елдерін фашистік құлдықтан азат етті.

Майданда және тылда біздің халықтарымыз табандылық пен батырлық, отансүйгіштік және қайраттылық, интернационализмдік қасиеттер көрсетті, онсыз жеңіс келмейтін еді. Тарих бұрын-соңды мұндай табандылықты көрген жоқ. Тарих жеңіске деген мұншалықты ерікті де білген емес.

Жылдар өтсе де, халықтарымыз жасаған ерліктің ұлылығы азаймақ емес. Сонау оқиғадан уақыт өткен сайын, болашақты құтқарып қалған Жеңіс сарбазының тарихи миссиясының маңызы арта түсуде. Сондықтанда Достастық елдерінің халықтарына және әлемдік қоғамдастыққа үндеу жасай отырып, біз бүгінде мемлекеттерімізде тұрып жатқан көзі тірі ардагерлерге «рахметімізді» айтамыз. Жеңімпаз батырларға тек сөзбен ғана емес, іспен де құрмет көрсетуге, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне күнделікті қамқор жасауға, оларға лайықты өмір жағдайларын жасауға шақырамыз.

Мамырдың 9-ы - Жеңіс күні - біздің халықтарымыз үшін әділдік орнаған, мақтан ететін және сонау зұлмат соғыста қаза болған миллиондаған адамдарды жалпы халық болып аза тұратын күн. Ұлы Отан соғысы жылдары ерлікпен қаза тапқандардың есімдері біздер үшін қасиетті. Өз өмірлерін Отаны үшін, яғни біздің бостандығымыз үшін пида еткендердің алдында біз өмір бойы борыштармыз.

Біз әлемді фашизмнен құтқарған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін ұмытпаймыз. Сондықтан да біз өз Отанының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін қаза тапқандарды еске алып, құрметтеуге, жауынгерлер зираттарын, мемориалдық кешендерді, ескерткіштер мен обелискілерді, сондай-ақ партизандардың, фашистік лагерьлердің тұтқындарының зираттарын тұрақты қамқорлыққа алуға, Ұлы Отан соғысы жылдары фашистік басқыншылардың қолынан қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт азаматтардың сүйектерін іздеуге шақырамыз.

Біз Жеңісті біздікі және басқанікі деп бөлмейміз, нацизмге қарсы күрескен барша халықтың ерліктеріне бас иеміз. Біз Жеңіске атсалысқан антигитлерлік коалициядағы одақтастарымыздың үлестерін, олардың бізге көрсеткен көмектерін ұмытпаймыз. Бірақ, ең ауқымды, яғни басты оқиғалар кеңес-герман майданында орын алды. Біздің елдеріміз соғыс жылдары миллиондаған азаматтарынан айрылды. Шайқас даласында қаза тапқандардың арасында түрі ұлттың адамдары болды.

Біздің мемлекеттеріміздің халықтары Жеңіске шешуші үлес қосқанын ескере отырып, өскелең ұрпақты ерлікке толы ортақ тарихымызды және фашизммен күрестегі ұлы ерлікті мақтан тұтуға баулуға шақырамыз.

Жалпыға ортақ қағидалар мен халықаралық құқық нормаларын, БҰҰ Жарғысы мен Хельсинки Қорытынды актісінің баптарын ұстана беретінімізді қуаттай келе, біз әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолында белсенді әрекет етуге, халықаралық лаңкестікпен пен экстремизммен күресудегі күш-жігерді еселеуге, орын алып отырған және болуы ықтимал қақтығыстарды бейбіт саяси жолмен реттеуге шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар