«Ұлы Жібек жолы» Халықаралық жастар бірлестігі мүшелерінің I Кеңесі өтеді
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 30 қарашада «Ұлы Жібек жолы» Халықаралық жастар бірлестігі мүшелерінің I Кеңесі өткізіледі.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Аталған іс-шараға Азия, Африка және Еуропаның 25 мемлекетінің өкілдері мәдени-гуманитарлық интеграцияны кеңейту, мәдениетаралық үнқатысуды дамыту мен нығайту мүмкіндіктерін қарастырады»,-деді ресми өкіл.
Мәжіліс аясында Жібек жолымен тарихи тұрғыда байланысқан барлық елдерді бірыңғай жастар платформасына біріктіру мақсатында мүше-елдер санын кеңейту мақсаты көзделген. Бірлестіктің теңқұқылы мүшесі болып табылатын әрбір елде жергілікті өкілдіктер құру жоспары да бар.