«Ұлы Жібек жолы» жобасының аясында Венада қазақстандық суретшілердің туындылары таныстырылады
ВЕНА. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Тамыздың 9-ы мен қыркүйектің 9-ы аралығында Венадағы Палфи сарайында «Ұлы Жібек жолы» жобасының аясында қазақстандық реставратор-суретші Қырым Алтынбековтың археологиялық жаңартылған жәдігерлері мен шығармашылық туындылары,
сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы суретшілерінің көшпелі көрмесі таныстырылады.
Көрмеге қойылатын жұмыстардың қатарында Қ.Алтынбеков реставрациялаған біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасырлардағы скиф-сақ дәуірінің жәдігерлерін қамтитын «Ұлы Дала өнері» топтамасы бар. Қ.Алтынбековтың көрмесі бұған дейін Прагада, Лос-Анжелесте, Вашингтонда, Мәскеу мен Ыстамбұлда өтіп, жоғары бағаға ие болды.
Көрменің екінші бөліміне қазақстандық заманауи суретшілердің туындыларынан тұратын «Наs Sanat» галереясының көшпелі коллекциясы кіреді.