22:11, 01 Қазан 2015 | GMT +5
Ұлыбритания аспанында төңкерілген кемпірқосақ байқалды
АСТАНа. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның аспанында төңкерілген кемпірқосақ байқалды. Бұл құбылыс түнгі аспанда Ай қанқызыл түске боялғаннан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болды.
Төңкерілген кемпірқосақ немесе мамандар атап өткендей, зенитті доғаны Манчестердің тұрғындары байқаған. Осындай бұлттар әдетте 5 шақырым биіктікте қалыптасып отырады, сондықтан төңкерілген кемпірқосақ жиі байқалмай тұрады. Және де сол себептен аталған құбылыс бізге таңғажайып көрінеді, бірақ сарапшылардың айтуынша, оның еш ерекшелігі жоқ, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.