Ұлыбритания Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздердің перспективасына пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздердің нәтижесі егер ол соғысты тоқтату режімі мен гуманитарлық жүктің кедергісіз жеткізілуі мәселелері бойынша сенімді қалыптастыруға септігін тигізсе, онда Женевадағы БҰҰ қамқорлығымен өтетін сирияаралық  консультациялар үшін жақсы негіз қалайды. 

Ұлыбритания Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздердің перспективасына пікір білдірді

Мұндай пікірді Ресейдің Жаңалықтар агенттігіне сұхбат берген Ұлыбританияның Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Гарет Бэйли айтты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Лондонның Ресей, Түркия және Иранның Астана келіссөздеріндегі жұмыстарын қолдау білдіретіндігін атап өткен.

«Менің түсінуімше, бұл келіссөздерде негізгі назар соғысты тоқтату режімі мен гуманитарлық көмек жеткізу мәселеріне аударылды. Біз Ресей тарабының соғысты тоқтату режімін толықтай сақталуы үшін барынша қысым көрсеткендігін қалаймыз», - деді Бейли.

«Егер Астанада аяқталған келіссөздер соғысты тоқтату режімі мен гуманитарлық жүкті жеткізуді қамтамасыз етуде айтарлықтай сенім қалыптастыра алатын болса, онда бұл Женевада саяси келіссөздер жүргізу үшін жақсы негіз болатын еді», - деді арнаулы өкіл.

Айта кетейік, Женевадағы Сирия жөніндегі келіссөздер  ресми Дамаскінің, сонымен бірге түрлі оппозиялық топтар өкілдерінің қатысуымен 20 ақпанда өтеді деп жоспарланған. Қазіргі уақытта қатысушылар құрамы жасақталу үстінде.

Еске салар болсақ, 23-24 қаңтарда Астанада сириялық реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өтті.  Одан кейін 6 ақпанда Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша xалықаралық теxникалық кездесу ұйымдастырылды.  Екі күннен кейін, нақты айтқанда 15 ақпанда елордада тақы бір кездесу ұйымдастырылмақ. Сирия бойынша өтетін кездесуге АҚШ-тың қатысатындығы белгілі.