Ұлыбритания астанасында лаңкестердің бірінің көзі жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда болған лаңкестік актілері салдарынан үш адам көз жұмып, 20-дан астамы зардап шекті.

Ұлыбритания астанасында лаңкестердің бірінің көзі жойылды

Шабуыл жасаған бір адамның көзі жойылды. Бұл туралы сәрсенбі күні британдық парламент ғимаратына жақын жерде орналасқан Скотленд-Ярдтың штаб-пәтерінде өткен брифингте комиссардың көмекшісі Марк Роули мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Роулидің атап өтуінше, Вестминстер көпірінде автокөлік жаяу жүргіншілерді жаншып өтті, олардың арасында полиция қызметкерлері де болды.

«Көлік одан әрі парламентке жақын орналасқан ғимаратқа барып соғылды. Кейін, пышақпен қаруланған кем дегенде бір адам адамдарға шабуылдауды жалғастырып, парламентке енбек болды. Өкінішке қарай, шабуылдаған адамды қоса алғанда, төрт адамның көз жұмғандығын растай аламын», - деді ол.

 

Фото: © Victoria Jones/ PA via AP