Ұлыбритания Ауғанстандағы адамдардың өлімі, жараланғаны, мүліктің бүлінгені үшін 1,5 млн. доллар өтемақы төледі
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Ауғанстандағы адамдардың өлімі, жараланғаны, мүліктің бүлінгені үшін 1,5 млн доллар өтемақы төледі.
Бұл сомаға НАТО операциясы кезінде өлтірілген 35 бейбіт тұрғынның отбасына төленген 160 мың доллар да кіреді. Осындай қаралатын кезегін күтіп әлі 700 іс жатыр деп хабарлайды, РБК Би-би-сиге сілтеме жасап.
Қазір Ауғанстанда 9,5 мыңға тарта британ әскері бар, олардың ауқымды бөлігі Гильменд провинциясына қоныс аударған.