Ұлыбритания азаматы Эбола вирусын жұқтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьерра-Леонеде әскери дәрігер қызметін атқарып жүрген Ұлыбритания азаматы Эбола дертіне шалдықты. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Ұлыбритания азаматы Эбола вирусын жұқтырды

Бұл британдық әскери қызметкердің Батыс Африкада атышулы дертке алғаш рет шалдығу оқиғасы ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта оның ауруды қалай жұқтырып алғандығы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін осы дертті жұқтырып алған ерікті мейірбике Полин Кафферки өткен қаңтар айында толық сауығып, ауруханадан шыққан еді. Ол Сьерра-Леоне Save the Children ұйымының атынан ерікті болып қызмет істеген.