Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлыбритания Брекситті 29 наурызда бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 29 наурызда Корольдіктің Еуроодақ құрамынан шығу үдерісін бастайды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Ұлыбритания Брекситті 29 наурызда бастайды

Бұл туралы Тереза Мэй Тұманды Альбионның Еуроодақтағы тұрақты өкілі Тим Барроу Еурокеңес басшыларына мәлімдеген. Бұған дейін Британия үкіметі одақтан шығу үдерісінің наурыз айының соңына дейін бастайтынын айтқан.

Айта кетерлігі, 14 наурызда аталмыш құжатты парламент мақұлдады. Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі министрінің мәлімдеуінше, үкімет 2016 жылдың маусымындағы халық таңдауын ресми түрде орындауға келесі сәрсенбіде кіріседі. Ал жалпы келіссөздер екі жылға созылуы мүмкін.