Ұлыбритания Елшісі қазақ тілінде Наурыз мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэролин Браун қазақ тілінде Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.

Ұлыбритания Елшісі қазақ тілінде Наурыз мерекесімен құттықтады

«Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын, жер жүзінің түрленіп, табиғаттың жаңаруымен ерекшеленетін жарқын көктем мерекесі сіздерді тек жетістікке жетелесін. Бұл күн - ізгі тілектер айтылатын ерекше мереке.

Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерге, отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, табыстар тілеймін. Наурыз көжемен бірге үйлеріңізге шаттық ұялап, мәңгілік бақ сыйласын.

Тағы да Наурыз мерекесімен құттықтаймын!» - деп жазылған құттықтауда.