Ұлыбритания еуроны енгізбейді - Премьер-министр Кэмерон

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Британия еуроны енгізбейді және валютаны тұрақтандыру істеріне араласпайды. Бұл туралы жұма күні Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Кэмерон Мюнхен қауіпсіздік конференциясының ашылуына орай «Зюддойче цайтунгке» берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

«Мен Ұлыбританияның ортақ валютаға қосылуын қолдамаймын. Біз, сонымен қатар, еуроны қолдауға бағытталған жаңа іс-шараларға қатыспаймыз. Алайда мені қате түсініп жүрмеңіздер: мен еуроаймақтың мықты болуын және өз мәселелерін шешкенін қалаймын», - деді британ премьер-министрі.

Соңғы жаңалықтар