Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан 2019 жылдың наурызында шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Еуроодақтан 2019 жылдың наурыз айында кетеді. Бұл туралы жексенбі күні Би-би-си телехабар тарату компаниясының эфирінде британияның Brexit мәселелері бойынша министрі Дэвид Дэвис мәлім етті, деп жазады ТАСС.
None
None

«Бұған 2019 жылдың наурыз айында куә боласыздар»,-деді ол жүргізушінің Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан қашан шығады деген сауалына жауап бере келе.

Дэвис сонымен қатар Ұлыбританияның Еуроодақ құрамына шығуына байланысты Лондон мен Брюссель арасындағы келіссөздердің өте күрделі болатындығын айтты.

«Келіссіздер күрделі, алайда тараптардың мүдделеріне сай болады»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар