Ұлыбритания Ирактағы соғысты жабық жағдайда тексеретін болады

ЛОНДОН. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Ирак соғысына тәуелсіз тексеру оңаша және жабық жүргізілетін болады,

Ұлыбритания Ирактағы соғысты   жабық  жағдайда   тексеретін  болады
деп мәлім етті дүйсенбі күні Ұлыбританияның премьер-министрі Гордон Браун. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды. Оппозициялық партиялар, сондай-ақ лейбористік партияның парламенттегі бірқатар мүшелері 2003 жылы Ирактағы әскери науқан басталғалы бері осындай тексеру жүргізуге шақырып келген болатын. Гордон Браунның айтуынша, тексеру шілде айында басталады және ең кем дегенде 1 жылға созылады. Бұл шара біреудің кінәсін анықтау мақсатында жүрізіліп жатқан жоқ, дейді премьер Браун. Оппозициядағы консерваторлар болса, тексеруді бұрынырақ өткізу керектігін және оны ашық өткізу қажеттілігінін мәлім етті. Ал либерал-демократтар болса премьер-министрді Ирактағы соғыстың басталуына әкелген оқиғаларды жасырып қалуға тырысты деп айыптаған болатын. Тексерудің нысаны 2001 жылдың шілде айынан бастап британ әскерлері Ирактан толық кететін 2009 жылдың шілде айына дейінгі аралықтағы оқиғалар болмақ. Комиссияға азаматтық мемлекеттік шенеунік сэр Джон Чилкот жетекшілік ететін болады.