Ұлыбритания исламдық құнды қағаздарды шығарады

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Ұлыбритания ислам құнды қағаздарын шығаратын бірінші мұсылман емес ел болуы мүмкін.

Ұлыбритания исламдық құнды қағаздарды шығарады

Жақын арада бұл туралы елдің премьер-министрі Дэвид Камерон мәлімдеме жасайды деп күтілуде, деп хабарлады РБК.

Сонымен бірге, Лондонда өтетін 9-шы бүкіләлемдік ислам экономикалық форумында премьер Лондон қор биржасында исламдық индекс құру жоспарын жариялайды. 200 млн фунт болатын исламдық құнды қағаздарды келесі жылы шығару көзделіп отыр.

Бұл, бірінші кезекте ислам инвесторларын тартуға бағытталған.