09:25, 15 Қараша 2013 | GMT +5
Ұлыбритания Наполеон Бонапарт бетінің көшірме бедерін елден тысқары шығаруға тыйым салды
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Наполеон Бонапарттың қайтыс болғаннан кейінгі бетінің көшірме бедері корольдік үшін тарихи құндылығы аса жоғары.

Сондықтан ол елден тысқары шығарылмауы керек. Бұл туралы Ұлыбританияның мәдениет, коммуникация және кредитивті индустрия мемлекеттік министрі Эд Вейзи мәлімдеді. Ол экспорттау лицензиясын беруді 2014 жылдың 12 қаңтарына дейін шегерді. Сондай-ақ, бұл мерзімнің 2014 жылдың 12 сәуіріне дейін ұзартылуы мүмкін екендігін де жоққа шығармады.
Ватерлоо ұрысының 200 жылдығы қарсаңында аталмыш жәдігердің маңызы зор. Ол елде 2015 жылы атап өтіледі.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, императордың өмірден өткеннен кейінгі бетінің көшірме бедері 2013 жылғы маусымда белгісіз біреуге 208 мың еуроға сатылған еді. Сауданы Bonhams бәссауда үйі өткізді.