Ұлыбритания оқушылары Пайғамбарымыздың өмірімен оқып танысатын болады

АСТАНА.  15 қыркүйек . ҚазАқпарат - Жуықта Лондонның орталық мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) ғұмырбаянын Ұлыбритания мектептерінде оқытуға арналған конференция болып өтті.

Ұлыбритания оқушылары Пайғамбарымыздың өмірімен оқып танысатын болады

Конференцияға Ислам елдері лигасы бас хатшысының орынбасары доктор Адель Аль-Шидди арнайы келді. Ұлыбританиядағы мұсылмандар ұйымы қыркүйек айын «Пайғамбар айы» деп жариялаған болатын. Конференция осы атаулы айға дөп келген болатын. Бұл туралы muslim.kz сайтынан хабарланды.

Лондонның орталық мешітінің директоры әрі Ұлыбританиядағы Ислам мәдени орталығының жетекшісі доктор Ахмад ад-Дубаян хабарлағандай, ол ел билігін жалпы білім беретін мектеп қабырғасында пайғамбарымыздың ғұмырбаянын оқытуға көндіріпті. Мұндағы мақсат - былайғы жұртты Пайғамбарымыздың өмір-тарихымен таныстыру арқылы Ол (с.а.с.) туралы жалған ұғым, жат пиғылға жол бермеу. Ислам елдері лигасының қызметі тек Ұлыбританиямен ғана шектеліп қалмайды. Аделя Аль-Шиддидің айтуынша, Данияда Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) карикатурасы пайда болғаннан кейін Лига бүкіл Еуропаға Оның (с.а.с.) өмірін таныстыруды алдына мақсат етіп қойған. Осының нәтижесінде бұл карикатураға қарсы жұртшылықтың қарасы көбейген.

«Ұлыбритания мұсылмандары Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) өмірімен еуропалықтардың арасынан алғашқы болып танысатындықтарын мақтан тұтады», - дейді Ахмад ад-Дубаян.