Ұлыбритания өз банктеріндегі 1,6 миллиард доллар соманың ирандық активтерін жауып тастады

ЛОНДОН. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - Ұлыбритания өз банктері мен қаржы компанияларындағы 1 миллиард фунт стерлингті шамалайтын ирандық активтерді жауып тастады.

Ұлыбритания   өз банктеріндегі  1,6 миллиард доллар  соманың    ирандық  активтерін    жауып тастады
Бұл шара Иранның ядролық бағдарламасына байланысты қабылданған халықаралық санкцияның аясында жасалды, деп хабарлады бейсенбі күні Біріккен Корольдіктің қаржы министрлігінің ресми өкілі. «Иранға қарсы енгізілген Еуроодақ пен БҰҰ санкциялары аясында Ұлыбританияда жабылған ирандық активтердің жалпы саны 976 миллион 110 мың фунт стерлингті құрайды (1,6 миллиард доллар)»,- делінген британ қазынашылығының хатшысы Иан Пирсонның ел парламентіне жолдаған жазбаша мәлімдемесінде. Бірақ иран активтері қай банктерде және қашан жабылғаны нақтыланбаған.