Ұлыбритания парламенті елдің Еуроодақтан шығу мерзімін кейінге шегеруге қарсы емес

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ұлыбритания парламентінің қауымдар палатасы үкіметтің елді Еуроодақтан шығару мерзімін кейінге шегеру туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұлыбритания парламенті елдің Еуроодақтан шығу мерзімін кейінге шегеруге қарсы емес

Бейсенбі күнгі дауыс беру кезінде бұл шешімді 412 депутат қолдады, ал 202 адам қарсы болды.

Айта кету керек, Парламент Еуроодақтан шығу туралы келісімді кезекті рет кері қайтарып, келесі күні Еуроодақтан келісімсіз шығуды алып тастаған соң Ұлыбритания үкіметі бұл мәселені дауысқа салуды ұсынған болатын.

Автор: Тимур Дүйсекеев