Ұлыбритания парламенті қоршауын қиратқан көлік бірнеше адамды қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні жеңіл көлік Ұлыбритания парламентінің қоршауына келіп соғылған, оның жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Скотленд-Ярдтың Туиттердегі парақшасында хабарланды.
«Оқыс оқиға жергілікті уақытпен таңғы 07:37-де болған. Жүргізуші ұсталды. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше жаяу жүргінші зардап шекті», - делінген хабарламада.
Қазір Парламент алаңына жапсарлас жатқан көшелердің барлығы жабылған. Оқиға орнында қарулы полиция қызметкерлері, жедел жәрдем және өрт сөндірушілер жүр.
Фото: cloudreputation.com/