Ұлыбритания пластик қоқысының астында қалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Ұлыбританияның қайта өңдеу үшін жыл сайын жіберетін 500 мың тонна пластик қоқысын қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұлыбритания пластик қоқысының астында қалуы мүмкін

Британия қоқыстарды қайта өңдеу қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде биліктің бұл түйткілді реттеуге шамасы жетпейді. «Бұл бізге берілген ауыр соққы болды. Көп уақыт бойы Қытайға иек артып келдік, олар біз шығаратын қағаз қоқыстардың 55%-ін, пластиктің 25%-ін өңдейтін еді», - дейді Қауымдастықтың атқарушы директоры Саймон Эллин.

2018 жылғы қаңтардан бастап Қытай ел экономикасын жаңғырту бағдарламасы аясында шетелден қоқыс әкелуге тыйым салған болатын.