Ұлыбритания Ресейден жанармай импорттауды тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ұлыбритания тарихта алғаш рет маусым айында Ресейден отын импорттаған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
None
None

Ұлыбританияда Ресей Федерациясынан отын импорты 100% -ға, яғни 499 миллион фунт стерлингке қысқарды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, 2021 жылы Ұлыбритания Ресейден өзінің газының шамамен 4%-ын және мұнайдың 11%-ын импорттаған. Ұлыбритания импортталатын газдың жалпы мөлшерін қысқартқан жоқ, бірақ басқа жеткізушілердің есебінен ресейлік газды алмастырды.

Осы елдің ұлттық статистика басқармасының мәліметінше, Ресейден келетін тауарлар импорты маусым айында 33 миллион фунт стерлингке дейін түсіп кетті. Бұл – 1997 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі деңгей. Ресейге шығарылатын көптеген тауарлардың экспорты маусымға қарай айтарлықтай қысқарды, ал машиналар мен көлік жабдықтарын сату көлемі 91,3% -ға, 118 миллион фунт стерлингке дейін азайды. Жалпы Ресейге шығарылатын экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 70%-ға, 168 млн фунт стерлингке дейін қысқарды.



Фото: bbc.com




Соңғы жаңалықтар