Ұлыбритания Тэтчерді жерлеу рәсіміне 5,5 млн. доллар жұмсады

Бұл туралы The Telegraph жазуда. Басылымның есебінше, «Темір ханымды» жер қойнына тапсыру үшін Біріккен Корольдіктің әрбір тұрғыны алты пенсаға (тоғыз цент) шығындалды.
Газеттің жазуынша, 500 мыңға жуық фунт (765 мың доллар) жерлеу рәсіміне дайындыққа және оған шақыруға, Ұлы Павел шіркеуінде рәсімді ұйымдастыруға, сондай-ақ ресми қабылдауларға жұмсалды. Іс-шараларды өткізу барысында полициялардың кезекшілікте болуына және өзге де қауіпсіздік шараларына бюджеттен 1,1 млн. фунт (1,6 млн. доллар) бағытталды. Тағы екі миллион фунтты (үш миллион доллардан астам) жерлеуді ұйымдастыру үшін құқық қорғау органдары күштерін қайта үлестірумен байланысты шығындар құрады.
Тэтчерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімінің құны 1965 жылы Уинстон Черчельді жерлеуге жұмсалған шығындардан (787 мың фунт немесе 1,2 млн. доллар) бес есеге асып түсті.
Еске салайық, Маргарет Тэтчер 2013 жылдың 8 сәуірі күні 87 жасында дүниеден озды. Ол Ұлыбритания премьері лауазымында 1979-1990 жылдар аралығында болды. Тэтчерді жерлеу рәсімі 17 сәуір күні Ұлы Павел шіркеуінде әскери сый-құрметпен өтті.