Ұлыбритания тұрғыны асырап алған кішкентай лақ ғаламтор жұлдызына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Оңтүстік Йоркшир графтығының 29 жастағы тұрғыны Том Хорсфилд асырап алған Бенджамин есімді лақ туралы сюжет BBC арнасынан көрсетілген соң, ол ғаламтор жұлдызына айналған.
None
None

Төмендегі бейнероликте Бенджаминнің иесі өзінің сүйікті жануарын әр төрт сағат сайын тамақтандырып, оны серуендеткенді ұнататынын айтуда. Лақ та иесінің ізінен бір елі қалмайды. Хорсфилдтің айтуынша, ол 20 жылға дейін өмір сүріп, сенбернар тұқымдас иттің тұрқына дейін өсе алады. Енесі жеріп кеткен кішкентай лақ туралы сюжет теледидардан көрсетілген соң британиялықтар ғана емес, АҚШ пен Австралиядан миллиондаған адамдар оны көргісі келетіндіктерін айтқан, деп жазады Mirror.

Соңғы жаңалықтар